3 мың рубик текшесі кеткен: семейлік оқушылар Абайдың портретін жасады

3 мың рубик текшесі кеткен: семейлік оқушылар Абайдың портретін жасады

3 мың рубик текшесі кеткен: семейлік оқушылар Абайдың портретін жасады
ашық дереккөзі
Семей қаласында оқушылар 3 мың рубик текшесінен Абайдың панно портретін жасап шықты. 10 тамыз – Абай күніне орай семейлік оқушылар ұлы ақынның панно портретін жасады. Ол үшін 3000 рубик текшесі қажет болды. Бұған дейін оқушылар Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Әлихан Бөкейханның портретін жасаған болатын. «Хакімнің 176 жылдығына орай балалармен бірігіп, оның панно портретін жасап шықтық. Оқушылар бұл портретті 6 сағатта құрастырды. Мұқият қарасаңыз, панно пиксельдерден тұрады. Оны толық құрау үшін арнайы бағдарлама бар. Ол дайын портретті кубиктің түстеріне сәйкес реттеп қойып береді. Панно портреттің жалпы салмағы 450 келіні құрайды», - деді «Қазақстан спидкубинг федерациясы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Арман Машимов. Айта кетейік, Абайдың панно портреті Семейдегі музейге қойылып, тамыз айының аяғына дейін келушілердің назарына ұсынылады.