Қарағандыда ер адам отбасын асырай алмағаны үшін көпірден секірмек болған

Қарағандыда ер адам отбасын асырай алмағаны үшін көпірден секірмек болған

Қарағандыда ер адам отбасын асырай алмағаны үшін көпірден секірмек болған
ашық дереккөзі
9 тамызда Қарағанды қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Рауан Оразбеков пен Ерғанат Қалиолла Бұқар жырау даңғылы бойындағы көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Қарағанды облыстық Полиция департаменті хабарлады. Қарағанды қаласының полиция басқармасы жедел басқару орталығынан түскен шұғыл хабарлама бойынша жедел әрекет еткен полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған 41 жастағы ер адамды ажалдан алып қалды. «2-3 минуттың ішінде оқиға орнына жеттік. Көпірдің шетінде тұрған ер адамды көрдік. Жарты қадам жасаса құрбан болар еді. Өйткені, төменде теміржол рельстері, жоғары кернеудегі байланыс сымдары бар. Мен қоршаудан өтіп, жанына барып сөйлесе бастадым. Ер адам отбасын асырай алмағандықтан осындай қадамға барғанын мойындады. Есімімді айтып, қол создым, ол қолын ұсынған кезде мықтап ұстап әріптесіммен бірге оны қауіпсіз жерге шығарып алдық - деді Рауан Оразбеков. Полицейлер құтқарылған азаматты Қарағанды қаласының полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне жеткізді. 41 жастағы ер адам қаржылық қиындыққа байланысты шарасыз қадамға барғанын мойындады.