Қазақстан Doing Business рейтингінде 35-орынға көтерілді

Қазақстан Doing Business рейтингінде 35-орынға көтерілді

Қазақстан Doing Business рейтингінде 35-орынға көтерілді
ашық дереккөзі
Қазақстан биылғы Doing Business рейтингінде 41-орыннан 35-орынға бір-ақ көтерілді. Doing Business көрсеткіштері бойынша Қазақстан, Бруней, Кения, Беларусь, Индонезия, Сербия, Грузия, Пәкістан, БАӘ және Бахрейн 2015-2016 жылдары экономикасы елеулі ілгерілеген мемлекеттер қатарына енді. Биылғы рейтингте Жаңа Зеландия көш бастап, ондаған жылдар бойы тақтан түспеген Сингапурды екінші орынға жылжытты. Сонымен бірге, үздік ондықта Дания, Гонконг, Корея Республикасы, Норвегия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Македония елдері бар. Қазақстан Жапония мен Румыния арасынан орын алса, Беларусь 37-орын, Армения — 37, Ресей — 40, Қырғызстан — 75, Өзбекстан — 87, ал Тәжікстан — 187-орынға тұрақтады. Бүкіләлемдік банктің жыл сайынғы бұл зерттеуі 11 көрсеткіш бойынша бизнес жүргізу мүмкіндіктерін қарастырады. Биыл 190 мемлекетті қамтыған Doing Business баяндамасы осымен 14-рет жарық көрді. Жыл сайын баяндамада 8967 көрсеткіш жарияланады. Оларды есептеу үшін ұжым 52000 жеке мәліметтерді қолданады екен. Сонымен қатар Doing Business кәсіпкерлікті дамытуға кері әсер ететін факторларды атап қана қоймай, оның себептерін анықтап, ұсыныстар айтады. Биылғы зерттеудің барлық мәліметтері мен баяндаманың толық нұсқасы Doing Business сайтында жарияланған.