Жаңалықтар

Елорда мектептері жаңа оқу жылында қалай жұмыс істейді?

Елордалық білім басқармасы жаңа оқу жылына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты. Барлық білім беру ұйымдарында «Ashyq» жүйесі орнатылады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі форматта бастау жоспарлануда. Ол үшін қала мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізіледі. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық білім беру ұйымдары Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс істейді», – деп хабарлады қалалық Білім басқармасы.

Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық оқу ұйымдарында «Ashyq» жүйесі орнатылады.

«Бұл шара оқу процесін карантиндік шектеу кезінде білім беру нысандарының жұмысын дәстүрлі форматта жалғастыруына мүмкіндік береді», – деді Білім басқармасы.

Back to top button