Елордада ірі көлемде есірткі тәркіленді

Елордада ірі көлемде есірткі тәркіленді

Елордада ірі көлемде есірткі тәркіленді
ашық дереккөзі
Нұр-сұлтан қаласы Полиция департаменті 7 тамыз күні есірткіні жеткізу мен сату арнасына тосқауыл қоюға бағытталған жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 37 жастағы ер адамды ұстады. Оны тексеру барысында 2 келі гашиш тәркіленді. Оны ұстау кезінде күдікті ізін суытпақ болған. Сонымен қатар, Қосшыда тұратын үйін тексеру кезінде арнайы жабдықталған жасырын қоймада екі полиэтилен пакетте 34 келіден астам гашиш анықталды. Белгілі болғандай, күдікті есірткіні елорда аумағында өткізуді жоспарлаған. Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 36,3 келі гашиш тәркіленді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.