Жаңалықтар

Бағасы - 355 мың теңге: Қазақстан құрамасының Олимпиададағы формасы сатылымға шықты

ашық дереккөзі

Бағасы - 355 мың теңге: Қазақстан құрамасының Олимпиададағы формасы сатылымға шықты

Қазақстан құрамасының Олимпиададағы формасы сатылымға шықты. Бірақ форманың аспандап тұрған бағасы елді шошытып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды zakon.kz. Мәселен, пиджак – 150 мың теңге, худи – 110 мың теңге, шалбар – 60 мың теңге және футболка 35 мың теңге тұрады. Осылайша, форма 355 мың теңгеге шығады. Бірақ соған қарамастан, қазір барлық форма сатылып кеткен, Дизайнер Салтанат Баймұхамедованың дүкені дайын форманың жоқ екенін айтты. Енді тек алдын ала тапсырыстар ғана қабылданады.