Павлодар ауданының Розовка ауылында мас ер адам жанжал кезінде әйелін өртеп жіберді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Жанжал кезінде күйеуі тоңазытқыштан алкоголь алып, жұбайына құйып, өртеп жіберген", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Бірақ бірден есін жиған ер адам жалма-жан өртті сөндіруге тырысқан, артынша жедел жәрдем шақырған. І дәрежелі күйік алған әйел ауруханаға жатқызылды, оған шұғыл түрде қан керек.
Полиция қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Айта кетейік, ерлі-зайыптылардың үш баласы бар.