Жаңалықтар

Еліміздегі жанармай бекеттерінің жанынан дәріхана ашу жоспарланып отыр

EUROPHARMA дәріханалар желісі Helios желісімен бірлесіп жанармай бекетінің жанынан алғашқы дәріхана ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жаңа фармстордың ассортиментінде рецептуралық және рецептісіз дәрілік заттар, дәрумендер мен ББҚ, медициналық мақсаттағы бұйымдар, бала күтімі бойынша тауарлар мен гигиеналық заттар бар. Дәріхананың сауда залы жабдыққа, дәрілік препараттарды сақтау және сату шарттарына қойылатын талаптарды ескере отырып және GPP (Good Pharmacy Practice) халықаралық стандарттарына сәйкес жабдықталған. Білікті фармацевттер клиенттерге кеңес береді және қызмет көрсетеді.

Бастама одан әрі кеңейтіліп, бүкіл ел бойынша жанармай бекеттерінің жанынан дәріхана ашу жоспарланып отыр.

Back to top button