Жаңалықтар

«Алматыға блокпост қойып, танкпен күзетеді»: Қорғаныс министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде Алматы маңында әскери техника қорғайтын блокпосттар қойылғаны туралы жалған ақпарат, Алматы көшелерінде түсірілген танк суреттері мен бейнежазбалары тарап жатыр.

Қорғаныс министрлігі қазір Алматы маңында ешқандай блокпост жоқ екенін, бейнежазбадағы әскери техниканың карантин шектеулеріне ешқандай қатысы жоғын мәлімдеді.

ec20480c80cd9d11b37d576e3fa741a6

«Бұл 5 тамызда болған. Техника Алматыдағы Гвардейск қаласынан жоспарлы жөндеу жұмыстарына апарылып, кейін әскери бөлімге, тұрақты орнына әкелінді», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Back to top button