Жайылымның жартысы жанып кеткен: Ақтөбе облысында дала өрті өршіп тұр

Жайылымның жартысы жанып кеткен: Ақтөбе облысында дала өрті өршіп тұр

Жайылымның жартысы жанып кеткен: Ақтөбе облысында дала өрті өршіп тұр
ашық дереккөзі

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында дала өрті өршіп тұр.Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлады.

Әйтеке би ауданындағы шаруалардың өртпен алысқанына екі тәуліктен асқан. Әуелі Әйке ауылы маңындағы жайылым жерлер отқа оранған. Артынша желдің екпінімен тілсіз жау Талдық, Қайрақты жағына қарай ойысқан. Дала әлі өртеніп жатыр. Шаруалардың айтуынша қазір жайылымның жартысы жанып кеткен, мал шығыны да бар. Тұрғындар аймақ басшылығы тезірек әрекет етпесе, жерімізден айырыламыз дейді.