Бахтияр Артаев: Токиодағы көрсеткіш біздің бокс "өлді" дегенді білдірмейді
Бахтияр Артаев: Токиодағы көрсеткіш біздің бокс "өлді" дегенді білдірмейді
Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев Токио олимпиадасындағы көрсеткіштерді сараптап, Qazsport арнасына сұхбат берді. Оның айтуынша, Токиодағы көрсеткіш біздің елдегі бокстың құлдырауын білдірмейді.
Қазір бокс барлық елде дамып кетті. Біздің кезіміздегі бокспен қазіргіні салыстыруға келмейді. Біз Куба, Өзбекстанмен бәсекелесіп жүргенде Бразилия, Англия секілді елдер алға шығып кетті. Бірақ Токиодағы көрсеткіш бізде бокс "өлді" дегенді білдірмейді. Кезінде Пекинде Куба да алтынсыз қайтқан. Өзбекстан да 16 жыл бойы бокстан алтын ала алмады. Бірақ олар мұнымен тоқтаған жоқ. Кемшіліктен қорытынды шығарып, алға ұмтылды. Бізде де қолға алатын жұмыс көп, дейді Артаев.
https://youtu.be/QULrOqgDx6o