Жаңалықтар

"Жай түсті": Алматыдан ұшып шыққан Air Astana ұшағы кері қайтты

ашық дереккөзі

"Жай түсті": Алматыдан ұшып шыққан Air Astana ұшағы кері қайтты

Алматыдан ұшып шыққан Air Astana ұшағы жай түскені туралы хабардан соң әуежайға кері қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 9 тамыз күні кешке Алматы - Тбилиси бағыты бойынша рейс орындаған әуе кемесі 20.30-да ұшып, жай түсуі мүмкін деген себеппен Алматы әуежайына қайта қонды. "Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар межелі пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті. Ұшақтың инспекциясы толық көлемде орындалды, найзағайдың түсу іздері табылған жоқ", - деді Air Astana әуекомпаниясы.