Алматының алғашқы бас жоспарының авторы Шәміл Нысанбаев дүниеден озды

Алматының алғашқы бас жоспарының авторы Шәміл Нысанбаев дүниеден озды

Алматының алғашқы бас жоспарының авторы Шәміл Нысанбаев дүниеден озды
ашық дереккөзі

Алматының алғашқы бас жоспары авторларының бірі, Қазақстанның құрметті сәулетшісі Шәміл Нысанбаев дүниеден өтті.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы мен "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институты қаралы хабарды растады. Шәміл Нысанбаев 9 тамызда 78 жасында қайтыс болды.
"Шәміл Еркебұланұлы қаланың көрнекті жоспарлаушысы, адалдық пен жоғары кәсібиліктің үлгісі болып біздің жадымызда мәңгі есте қалады. Шәміл Еркебұланұлының есімі Қазақстан сәулет тарихында алтын әріппен жазылады. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы мен "Алматыбасжоспар" ғылыми -зерттеу институты ұжымы Шәміл Нысанбаевтың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып көңіл айтады", деп жазылған хабарламада.