Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші бөлініп отырған мол қаражатқа сай емес - Мемлекет басшысы

Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші бөлініп отырған мол қаражатқа сай емес - Мемлекет басшысы

Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші бөлініп отырған мол қаражатқа сай емес - Мемлекет басшысы
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшыларға алғыс білдірді.

Токиода өткен Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 93 спортшы қатысты. Жеңіске жету жолында бар күш-жігері мен шеберлігін көрсеткен атлеттерге алғысымды білдіремін. Олимпиаданың қола жүлдегерлерін құттықтаймын. Бұл - ұзақ уақыт бойы жүргізген табанды жаттығулардың жақсы нәтижесі.
Алайда, 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынға табан тіреген Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді.
Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керек, - деді Мемлекет басшысы.