Жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері Нұрислам Санаевқа су жаңа BMW көлігі сыйға тартылды

Еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдесін иеленген Нұрислам Санаевқа су жаңа BMW сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрислам Санаев 1991 жылы Чаданда (Тыва, Ресей) дүниеге келген. Оның шын аты – Артас Санаа. 2014 жылдан бастап Қазақстан құрамасында өнер көрсете бастады. Ал Рио-де-Жанейро Олимпиадасында өнер көрсетер алдында аты-жөнін қазақшаға ауыстырып, Нұрислам Санаев атанған.

558f7786 a416 4f98 bf74 332e7066de27

Еске сала кетейік, Санаев Олимпиадада 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Қола үшін күресте ол болгарлық Георги Вангеловті 5:1 есебімен жеңді.

Back to top button