Жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері Нұрислам Санаевқа су жаңа BMW көлігі сыйға тартылды

ашық дереккөзі

Олимпиада жүлдегері Нұрислам Санаевқа су жаңа BMW көлігі сыйға тартылды

Еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдесін иеленген Нұрислам Санаевқа су жаңа BMW сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нұрислам Санаев 1991 жылы Чаданда (Тыва, Ресей) дүниеге келген. Оның шын аты - Артас Санаа. 2014 жылдан бастап Қазақстан құрамасында өнер көрсете бастады. Ал Рио-де-Жанейро Олимпиадасында өнер көрсетер алдында аты-жөнін қазақшаға ауыстырып, Нұрислам Санаев атанған.