Forbes тізіміндегі қазақстандық миллиардер іздестіріліп жатыр

Қазақстандағы ең бай 50 адамның қатарына кіретін Анатолий Балушкинге салық департаменті іздеу жариялады, деп хабарлайды АА NewTimes.kz.

Forbes тізіміндегі қазақстандық миллиардер іздестіріліп жатыр

«Азия Авто» АҚ және «БИПЭК Авто Қазақстан» АҚ акцияларының бақылау пакетінің иесі 51 жастағы Анатолий Балушкинді салық қызметкерлері іздестіріп жатыр. Бас прокуратура порталының мәліметінше, кәсіпкер тергеуден жасырынып жүрген қылмыскерлер тізімінде.

2020 жылғы желтоқсан айындағы Forbes мәліметтері бойынша, Анатолий Балушкиннің байлығы 153 млн долларға яғни 65 млрд теңгеге бағаланды.

Өткен жылы Балушкин басқарған автомобиль концерні Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зауытпен ынтымақтастықты тоқтатып, компанияның 10 жыл ішінде алған 405 млн доллар көлеміндегі преференциялар мен жеңілдіктерді қайтаруды талап еткендіктен дағдарысқа тап болды.

Министрлік мәлімдегендей, компания өндірісті жаңғырту бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Сот талқылауларынан кейін LADA және Kia шетелдік серіктестері «Азия Авто»кәсіпорнында өз автомобильдерін құрастыруды тоқтатты. Зауыттың 2 мыңға жуық қызметкері жалақысыз қалды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button