Түркістан облысында деструктивті діни ағым өкілі есірткі сатқаны және оқ сақтағаны үшін ұсталды
Түркістан облысында деструктивті діни ағым өкілі есірткі сатқаны және оқ сақтағаны үшін ұсталды
Түркістан облысында деструктивті діни ағым өкілі есірткі сатқаны және оқ сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Заттай айғақ ретінде есірткі салынған түйіншек тәркіленді.
Сондай-ақ, ұсталған азаматтың үйінен 760 грамм есірткі, 20-дан астам оқ табылды, - деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте.
Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі "есірткі, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.