Жаңалықтар

Белгілі кәсіпкер екі аяғынан айырылған қызды жұмысқа алды

ашық дереккөзі

Белгілі кәсіпкер екі аяғынан айырылған қызды жұмысқа алды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген өзі басқаратын холдингіне екі аяғынан айырылып, мүгедектік мәртебесін алған қызды жұмысқа алды. Бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жазды.   – Самалмен таныс болыңыздар! 10 жасында екі аяғынан айырылды. Бала күнінен буллингке тап болса да, мойыған жоқ. Аяқсыз өмір сүруді түсіну үшін данышпан болу қажет емес. Самал ешқашан үміт үзбеді. Қатарластары да оның ерекше қажеттілігі бар тұлға екенінен бейхабар болды. Достарының алды болып, барлық іс-шараға атсалысты. Көп уақытқа дейін аяғының жоқ екенін жасырды. Алайда, уақыт өте келе өзінің басындағы жағдайды өзгеге түсіндіру үшін қоғамнан жасыру мүмкін болмады. Бүгіннен бастап Самал біздің холдингте SMM менеджері болып жұмыс істейді. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар тұтынушыларға да қызмет көрсететін болады, – деп жазды кәсіпкер.