Қазақстаннан шетелге көбірек ақша жіберіле бастаған

Қазақстаннан шетелге көбірек ақша жіберіле бастаған

Қазақстаннан шетелге көбірек ақша жіберіле бастаған
ашық дереккөзі

Қазақстандықтардың шетелге жіберген ақшасы алған ақшасынан 3,3 есе көп.

Ranking.kz талдаушылары 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізден шетелге ақша аудару жүйесі арқылы жеке тұлғалар 451,9 миллиард теңге жібергенін, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,6% - ға артық екенін хабарлайды. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында шетелге 137,8 миллиард теңге жіберілген. Ең көп ақша Өзбекстанға жіберілді - 114 миллиард теңге. Одан кейін Түркия (96,2 миллиард теңге) және Ресей (93,3 миллиард теңге). Ақшалай қаражаттың елеулі көлемі Қырғызстанға (76 миллиард теңге) және Қытайға (15,4 миллиард теңге) жіберілген. Шетелден алынған ақша көлемі бойынша Ресей көш бастап келеді: 28,6 миллиард теңге, бұл- өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% - ға аз. Одан кейін - Өзбекстан көлемі 22,6 миллиард теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 72,4% - ға артық. Үшінші орынға Оңтүстік Корея тұр:  пандемияға байланысты бұл елден аударымдар 20,1%-ға, 20,9 миллиард теңгеге дейін қысқарған.