Жаңалықтар

“Баласының жоқ екенін де байқамаған”. Қапшағайда құтқарушылар 4 жасар қыздың ата-анасын жарты сағат бойы іздеген

ашық дереккөзі

“Баласының жоқ екенін де байқамаған”. Қапшағайда құтқарушылар 4 жасар қыздың ата-анасын жарты сағат бойы іздеген

Құтқарушылар жоғалған қыздың анасын жарты сағат бойы іздеген деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, куәгерлер аумақты патрульдейтін құтқарушыларға келіп, кішкентай қыздың ата-анасын таба алмай жылап жатқанын айтқан. "Құтқарушыларға төрт жасар қыздың анасын табу үшін 30 минут уақыт кетті. Қыздың ата-анасы баланың жоғалғаны туралы білмеді. "Сіз бала жоғалтпадыңыз ба?" деген құтқарушылардың сұрағына алдымен олар ”жоқ” деп жауап берген, содан кейін ғана қыздары жоқ екенін айтты", - деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.