Жаңалықтар

ШҚО-да жасөспірім су қоймасына батып кетті

Шемонаиха ауданының Первомайка ауылында 2006 жылы туған бала суға батып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат”.

Өңірдің ТЖД-нің Instagram-дағы хабарламасына сәйкес жасөспірім үш досымен Комсомол су қоймасына барған. Суда жүзіп жүрген ол, алыстап кеткен, біраз уақыттан соң бата бастаған. Достары қорқып, көмек сұрау үшін үйге жүгірген. Оқиға орнына учаскелік инспектор келді, бірақ жасөспірім қайтыс болған.

Back to top button