Тәуелсіздік – 30

9 тамызда болған елеулі оқиғалар

1994 жылы Алматыда Ұлттық банктің мемлекеттік қоймасының іргетасы қаланды;

2000 жылы Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы достастық туралы меморандумға қол қойылды;

2010 жылы Алматыда алғаш рет жазғы көше кинотеатры ашылды;

2013 жылы Жамбыл облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық дәлізінің жаңа бөлігі ашылды. Меркі ауданында төрт жолақты 48 километрлік магистраль пайдалануға берілді;

2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елорданың Меценаттар клубы құрылды;

2017 жылы Ақмола облысында «Құмай» этнографиялық паркі құрылды.

Back to top button