Өзбек өте қымбатқа сатады, қазақтар су тегінге...

Өзбек өте қымбатқа сатады, қазақтар су тегінге...

Өзбек өте қымбатқа сатады, қазақтар су тегінге...
ашық дереккөзі
Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі Coca-Cola Ichimligi Uzbekistan, Ltd. (Компания) жарғылық капиталының 57,118 пайыз мемлекеттік үлесін “Cоcа-Cола İçеcек А.Ş.” (CCI) компаниялар тобына, оған толығымен тиесілі CCI International Holland B.V. еншілес ұйым арқылы 252,28 миллион долларға сату туралы келісім-шартын жариялады. Келісімді мемлекеттік мүлікті сату бойынша тендерлер өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия мақұлдады. «Бұл келісім халықаралық тәжірибеде және Өзбекстан Республикасы заңнамасының талаптарына сүйене отырып, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 қазандағы ПФ-6096 Жарлығына сәйкес, жариялы түрде сату процесі ұйымдастырылды. Мемлекеттік үлесті сату қаржылық кеңесші ретінде Rothschild & Co мен заң кеңесшісі ретінде Dentons қатысуымен жүзеге асырылды», − делінген ресми мәлімдемеде. Coca-Cola Uzbekistan компаниясын Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримоваға үйленген ауғанстандық этникалық өзбек жігіті Мансұр Мақсуди ашқан. 2001 жылы Мансұр Мақсуди мен Гүлнара Каримова арасындағы келіспеушіліктен соң Г.Каримова АҚШ-тан Өзбекстанға кетіп қалады. 2001-2002 жылдары өзбек еліндегі Coca-Cola компаниясын басып алуға Гүлнара Каримованың қатысы болған деген дерек бар. Coca-Cola активтеріне, т.б. мәселелерге орай 2014 жылы Өзбекстан прокуратурасы Гүлнара Каримованы тұтқындады. 2017 жылы қамауда отырған Г.Каримоваға мемлекет мүлкін ұрлады деген айып тақты. Тағылған айтыпқа 2004 жылы жекешелендірілген CCBU бірлескен кәсіпорынның (кейінгі Coca-Cola Uzbekistan) 57,1 пайыз акциясы да қосылған. Сөйтіп о баста шетелдік азамат ашқан компания өзбек мемлекетінің иелігіне өтіп, енді қайта жекеменшікке сатылып отыр. Былайша айтқанда, мемлекеттің көк тиыны шықпаған компанияны енді мемлекет сатып, пайдаға кенеліп отыр. Ал бізде мемлекеттің ақшасына құрылып, құны тым қымбат саналса да, жекеге су тегінге сатылған талай мекемелер бар...