Өзбекстанда сайт журналисінен кек алмақшы болғандар масқара әрекетке барды...

Өзбекстанда сайт журналисінен кек алмақшы болғандар масқара әрекетке барды...

Өзбекстанда сайт журналисінен кек алмақшы болғандар масқара әрекетке барды...
ашық дереккөзі
6 тамыз күні Ташкент қаласындағы мейрамханалар мен кафелер карантин ережелерін сақтамай, кешкі сағат 20:00-ден кейін жұмыстарын тоқтатудың орнына 22:00-ден соң да тапсырыс қабылдай беретіні туралы qalampir.uz cайтында осы сайттың журналисі Феруза Наджмиддинова дайындаған репортаж жарияланған. Ал келесі күні интернетте тараған бейнежазбада Ташкент қаласы көпқабатты үйдің жанында жыныстық қатынасқа түсіп жатқандар көрсетіліп, ондағы әйел адам журналист Ф.Нажмиддинова деп көрсетілген. Бейнежазба қашықтан түсірілген және ондағы адамдардың түрін тану қиын. Сондықтан бұл бейәдеп бейнежазбаны жасағандар − сайтта жарияланған репортаж үшін кек алғысы келгендер деп санайды жәбірленуші журналист. Qalampir.uz интернет басылымы осы оқиға байланысты ресмий мәлімдеме жасады: «Бүгінде біз әп-сәтте кез келген адамды ұятқа қалдырып, беделін түсіріп азап шектіру оңай болатын заманда өмір сүріп жатырмыз. Феруза Наджмиддинова делінген видеодағы әйелдің бет-әлпетін анықтау мүмкін емес. Бұндай видео арқылы кез келген әйелдің, айталық, шенеунік әйелдің немесе шенеуніктің қызының, жиенінің, әйелінің суретін салып, «осылай болды» деген хабарды таратуға болады, бұл дұрыс емес. Кейбір зұлым адамдар бір отбасының отанасы, қоғамда және жұмыста беделі бар әйелге жала жауып, масқаралағысы келді. Бірақ олар өз мақсаттарына жете алмады. Өйткені жұрт танитын адамды әп-сәтте ұятқа қалдыру мүмкін емес. Дәл осындай әрекеттің кез келген журналистке жасалуы мүмкін екенін және олардың беделіне осылайша нұқсан келтіруге болатынын ескере отырып, біз Өзбекстандағы журналистердің құқығын қорғау мәселесі қиындап бара жатқанына алаңдаймыз. Qalampir.uz сайты бас редакторының орынбасары Феруза Нажмиддиноваға байланысты мына жағдай да соның айқын дәлелі», − делінген мәлімдемеде. Qalampir.uz журналисі ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіруге қарсы заңды шара қолдануды сұрап Өзбекстан Ішкі істер органына шағым түсірді. Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасының хабарлауынша, шағым тексерілуде. Оның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады. Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты да болған оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді: «Бұл жағдай БАҚ қызметіне, сондай-ақ қоғамда белсенді және БАҚ-та өз орнын алған журналист әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қауіп төндіреді деп есептеледі. Жағдайдың әділ зерттелуін Сенаттың мемлекеттік органдардағы ақпараттық саясат пен ашықтық және әйелдер мен гендерлік теңдік жөніндегі комитеттері қадағалайды», − делінген мәлімдемеде. Жағдайға байланысты Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі де ресми мәлімдеме жасады: «Агенттік журналистің этикасы мен білімін жақсы білетін ұйым ретінде БАҚ-тың беделін түсіруге және журналистердің қызметіне алаяқтықпен және заңсыз жолмен араласуға тырысуды қатаң айыптайды. Qalampir.uz сайты журналисінің халық алындағы жоғары азаматтық борышын сезініп, өзекті мәселелерді жариялаудағы белсенді рөлін қолдайды және құқық қорғау органдары жағдайға құқықтық баға беріп, кінәлілерге заңды шара қолданады деп үміттенеді», − деп жазылған онда. Сондай-ақ Өзбекстандағы өзге де ұйымдар бұндай лас әрекеттің салдарына мазасызданып, БАҚ өкілдерін қорлауға қарсылығын білдіріп жатыр.