Жаңалықтар

Шенеунік 500 адамға той жасап, карантин талабын бұзды

ашық дереккөзі

Шенеунік 500 адамға той жасап, карантин талабын бұзды

Қарағандыда белді мейрамхананың бірінде жер қатынастар басқармасы басшысының қызын ұзатуы әлеуметтік желіде шу болды.   «Ариста» мейрамханасында өткен той әлеуметтік желіге тарап біраз шу көтерген, деп жазды inbusiness.kz. Өзін қоғам белсендісі санайтын Руслан Лазутаның хабарлауынша, бұл жерде жер қатынастар басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов қызының ұзату тойын өткізген. Русланның пайымдауынша, той туралы бейнежазбаны желіге салған соң полиция сол жерге барған. Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі сұрау салғанымызда бұл іске қатысты мәлімет тексеріліп жатқанын айтты. Егер аталмыш шенеуніктің тойға қатысты кінәсі анықталса , карантин режимі бұзылса оны жұмыстан шығаруға дейін жаза қолданылады. Санитарлық іс шаралардың бұзылуына байланысты той тоқтатылған. «Ал іс шараны ұйымдастырушыларға айыппұл салынады» деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.