Павлодарда жол апатынан 25 жастағы дәрігер қаза тапты

Павлодарда жол апатынан 25 жастағы дәрігер қаза тапты

Павлодарда жол апатынан 25 жастағы дәрігер қаза тапты
ашық дереккөзі
Жол апаты Черноярка ауылының жанында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. «6 тамыз күні сағат 23.45-те Омбы - Майқапшағай автожолының 380 шақырымында Nissan Patrol автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі УАЗ автокөлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан УАЗ автокөлігінің 25 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, көз жұмған жігіт Чернорецк дәрігерлік амбулаториясының дәрігері болған. Ол науқасты Ақсу қаласының ауруханасына жатқызып келе жатқанда жол апатына түскен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғалары бойынша полиция тексеру жүргізуде.