Токио-2020: Софья Берульцеваның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

Токио-2020: Софья Берульцеваның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

Токио-2020: Софья Берульцеваның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды
ашық дереккөзі
Токио Олимпиадасында қазақстандық Софья Берульцеваның (61 келі) карате-додан жартылай финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Енді қазақстандық спортшы мысырлық Ферьял Әбделәзизбен шеберлік байқасады. Кездесу шамамен елорда уақытымен 16:20-ге белгіленген. Ферьял Әбделәзиз 1999 жылы дүниеге келген. 2018 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. 2019 жылы Африка ойындарында күміс жүлдегер болды. Софья Берульцева 2000 жылы дүниеге келген. Әзірге халықаралық деңгейде табысқа қол жеткізе қойған жоқ. Еске салсақ, ол төрт жекпе-жек өткізді. Оның екеуінде Сильвия Семерароны, әзербайжандық Ирина Зарецкаяны жеңсе, түркиялық Мельтем Ходжаоғлымен тең түсіп, жапониялық Аюми Уекусаға есе жіберді. Осылайша бес ұпаймен А тобында екінші орын алды. Топ басында тұрған Ирина Зарецкаяның алты ұпайы бар.