Вакцина паспортын жалған жасағандарға қатысты 110 қылмыстық іс қозғалды

ПТР тесті мен вакцинация паспортын қолдан жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалған. Бұл жөнінде   Polisia.kz жазды. 

5 тамызда Ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға ҰҚК, БП, СЖҚКА, ҚМА, ДСМ, АҚДМ басшылығы, сондай-ақ ҚР ІІМ жанындағы ведомствоаралық арнайы топтың мүшелері қатысты.

– Жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталды. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын шығарумен және сатумен айналысқан. Сонымен қатар, оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде іске асыру фактілерінің жолы кесілді, – деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ведомство басшысы ел Президенті ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырғанын атап өтті.

Back to top button