Қызметкерлердің сыйақысын жымқырған басшы сотталды

Қызметкерлердің сыйақысын жымқырған басшы сотталды

Қызметкерлердің сыйақысын жымқырған басшы сотталды
ашық дереккөзі
Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы полковник шенінен айырылып, екі жылға сотталды. Себебі ол қызметкерлердің материалдық мұқтаждықтары мен сыйақысына деп бөлінген қаржыны жымқырған. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров онлайн брифингіде айтты. Тергеушінің айтуына қарағанда 3 шілдеде қызметкерлердің сыйақысы мен материалдық мұқтаждықтарына деп бөлінген қаражатты жымқырған күзет басқармасының басшыларына Атырау қаласының № 2 соты үкім шығарған. «Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Н.Төлешов, оның орынбасары Жомартов пен Салахиденов қызметкерлерге сыйақы беруге, материалдық көмек көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды және қызметкерлерді облыс аудандарына іссапарға жіберу шығындары мен жанармай талондарын қолма-қол ақшаға айналдыру туралы жалған бұйрықтарға қол қойды деген күдікке ілінген болатын», – деді Д.Бегайдаров. .Сот үкімімен Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Н.Төлешов өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан, полиция полковнигі атағынан айырылды. Сондай-ақ ол 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Оның орынбасары полиция полковнигі Н.Жомартов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан және полиция полковнигі атағынан айырылып, бас бостандығы 2 жылға шектелді. Сондай-ақ, басқарма инспекторы, полиция аға лейтенанты Н.Салахиденов та мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, полиция аға лейтенанты атағынан айырылды. Олар 6 млн 703 мың теңге айыппұл төлейтін болды.