Әкімдік мойындамайды: ШҚО-да үйлеріне зақым келген тұрғындар дауыл болғанын дәлелдей алмай отыр

Қалбатау ауылының тұрғындары қатты желден үйлеріне келген зақым үшін өтемақы ала алмай отыр. Жергілікті әкімдік елді мекеннің үстінен дауыл өткенін мойындамайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға бір ай бұрын ғана болған. Дауыл тұрғын үйлердің шатырын қиратып, ағаштарды, электр желілерін, тіпті байланыс мұнарасын құлатқан. 19 үйге зақым келген. Ең жақын метеостанция желдің жылдамдығы секундына 19 метрге тең екенін тіркеді. Осы мәліметтерге сүйене отырып, әкімдік жергілікті тұрғындарға келтірілген залалды өтеуден бас тартқан.

Жергілікті әкімдіктегілер егер ауыл тұрғындары бұл жай жел емес, дауыл екенін дәлелдесе, шығындарды өтеуге уәде берді.

Ағаштар құлап, тамырлары шығып жатыр. Олар ештеңе жоқ дейді. Секундына 19 метр болған болса, бетон бағана құлап жатыр ма? – дейді тұрғын Юрий Юсупов.

«Қазгидрометте» дауыл жергілікті болғанын, сондықтан метеостанция оны тіркемегенін түсіндірді. Басылым жақын жердегі метеотолб Қалбатау ауылынан 30 шақырым жерде орналасқанын атап өтті.

Back to top button