«Қабағым түсіп кетті»: Әнші Айқын Төлепберген пластикалық ота жасатты

«Қабағым түсіп кетті»: Әнші Айқын Төлепберген пластикалық ота жасатты

«Қабағым түсіп кетті»: Әнші Айқын Төлепберген пластикалық ота жасатты
ашық дереккөзі

Биыл эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген көзіне блефаропластика  жасатқан. Ол туралы Тимур Балымбетовке сұқбат бергенде айтты.

– Қыста кішкене түзеттім. Уақыт өтіп жатыр. Қабағым түсіп кетіпті. Уақытында осылай көтеріп қойсаң дұрыс болады деген соң, жасаттым. Жақсы маман, өзімнің досым жасады. Мен ешкімге бұл туралы айтқан емеспін. Бірақ менің оқырмандарым бірден түсініп қойдым. Достарым байқамайды, бірақ оның әйелдері байқап қойыпты. Блефаропластика деген ота, ешқандай зияны жоқ, – деді әнші. Блефаропластика – көз бен қабақтың айналасындағы кем-кетікті жойып, көзді үлкейтетін медициналық ота. Жұмыс процесі 30-40 минутқа созылады. Бағасы да  50-100 мың теңге айналасы. 1906 жылы ең алғашқы кәсіби блефаропластиканы  америкалық хирург дәрігер Чарльз Миллер жасаған.