Өзбекстанда бензин бағасы қымбаттады
Өзбекстанда бензин бағасы қымбаттады
Өзбекстанда 23 қазаннан бері бензин бағасы өсті. Бензин бағасы маркасына байланысты 31,6 пайыздан 34,9 пайызға дейін қымбаттады деп CA-News жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Аи-80 маркалы жанар-жағар май бағасы 2075 (0.32 $) сумнан 2800 (0.43 $) сумға дейін (34,9 пайызға) қымбаттаған. Аи-91 – 2280-ден (0.35 $) 3000 сумға дейін (+ (0,46 $)31,6 пайыз), Аи-95 – 2505-тен (0,39 $)3300 сумға дейін (0,51 $) (+31,7 пайыз) өскен. Жаңа баға барлық май құю бекеттерінде бірдей болады.
«Өзбекмұнайгаз» ұлттық холдингтік компаниясы (ҰХК) бензинге біріңғай баға жанар майды қайта сатуға жол бермеу үшін жасалды деп мәлімдеді.
«Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін және кейбір азаматтар заңсыз әрекетке бармас үшін «Өзбекмұнайгаз» ҰХК тиісті министрліктермен және мекемелермен бірлесе отырып, 2016 жылдың 22 қазанынан бастап республика бойынша бензин бағасын біріңғайландыру туралы шешімге келдік», – делінген компания таратқан хабарламада.
Өзбекстан премьер-министрінің виртуалды қабылдауында көптеген азаматтар бензиннің жетіспеушілігі мен май құю бекеттеріндегі ұзын-сонар кезектерді айтып шағымданған. Онда кейбір азаматтардың алаяқтық әрекет жасап, бензинді көтерме бағасымен сатып алып, литрін 3 мың — 5 мың сумға дейін қайта сататыны да айтылған.