Сотталушыға әкелінген палаудың ішінен телефон шықты

Сотталушыға әкелінген палаудың ішінен телефон шықты

Сотталушыға әкелінген палаудың ішінен телефон шықты
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінде сәлемдеме қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер тыйым салынған затты тауып тәркіледі. Мекеме қамауындағы сотталушыға келген азаматша IRBIS маркалы телефоны, қуаттағыш құрылғысын және SIM картаны политэлин пакетке орап, палау мен салаттың ішіне жасырып өткізбек болған. Алайда, азаматшаның тағамдарға жасырған «тосын сыйын» бақылаушы қызметкерлер бірден аңғарып, тәркіледі. Қамаудағы сотталушы «Ұрлық» бабымен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 481-бабына сәйкес іс құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.  width=