Жаңалықтар

Алматы облысында баласын сатқан әйел сотталды

ашық дереккөзі

Алматы облысында баласын сатқан әйел сотталды

Алматы облысында баласын сатқан әйел сотталды. Алматы облысының полиция департаменті әйел перзентханадан шыққаннан кейін баланы өз еркімен екінші бір әйел адамға сатқанын хабарлады. "Тексеру барысында ол бұған дейін де перзентханадан шыққаннан кейін басқа біреуге кәмелетке толмаған баланы алып жүруге сенімхат жазып бергені анықталды", - деп хабарлады ведомстводан. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Алматы облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен әйел ҚР ҚК 135-бабы (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өйткені оның тағы 2 баласы бар екені ескерілді. Сондай-ақ, балалар 14 жасқа толғанға дейін жаза кейінге қалдырылды.