«Мұғалім жетіспейді»: СҚО-да 90 маманның орны бос тұр

«Мұғалім жетіспейді»: СҚО-да 90 маманның орны бос тұр

«Мұғалім жетіспейді»: СҚО-да 90 маманның орны бос тұр
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында мұғалімдер жетіспейді, 90 маманның орны бос тұр. СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желінің көмегімен тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтардың бірі - білім саласындағы кадр жетіспеушілігі болды. Облыс әкімінің айтуынша, өңір мектептерінде мұғалімдердің жұмыс істеуіне және балалардың білім алуына жақсы жағдай жасалған. Нәтижесінде мұғалім жетіспеушілігі мәселесі шешіліп келеді, қазір 90 орын ғана бос тұр. «Мәселені шешуде көптеген іс-шаралар қолға алынды. Кадр тарту үшін мектептерде ұстаздарға қолайлы жағдайлар жасалды. Ең бастысы олардың еңбекақысы 50 %-ға дейін өсіп, алдағы екі жыл бойы тағы көтеріледі. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының да берері көп. Мұғалімдер оның аясында жеңілдетілген несиемен баспана ала алады. Жас мамандардың көбі бұл мүмкіндікті пайдаланды», - деді Құмар Ақсақалов. Өңір басшысының айтуынша, СҚО-да 52 мектеп 4 млрд теңгеге күрелі жөнделіп жатыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 4 млрд теңге бөлінген. 2019-2020 жылдары облыс мектептеріне 5 млрд теңгеден жұмсалды. Бұл ақшаға мектептер күрделі жөнделіп, есік-терезелері, шатыры мен жылыту жүйесі ауыстырылды. Жалпы, бүгінде СҚО-да мектептердің 60 %-ының жағдайы жақсы.