Токио-2020: Дәулет Ниязбеков жеңіспен бастады

Токио-2020: Дәулет Ниязбеков жеңіспен бастады

Токио-2020: Дәулет Ниязбеков жеңіспен бастады
ашық дереккөзі
Еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын сәтті бастады, – деп жазды Olympic.kz. Қазақстандық балуан 1/8 финалында кубалық әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері кубалық Алехандро Вальдеспен кездесті. Екеуара кездесу 21:11 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді. Белдесудің басым бөлігін кубалық балуан 9:2 есебімен жеңіп тұрғанда Дәулет Ниязбеков үздіксіз нәтижелі әдіс жасап белдесу аяқталғанша 21 ұпай еншіледі. Ережеге сәйкес, ұпай айырмашылығы 10 ұпай болғандықтан Дәулет Ниязбековке уақытынан бұрын техникалық жеңіс берілді. Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК