Бір күнде 129 адам коронавирустан қайтыс болды

Бір күнде 129 адам коронавирустан қайтыс болды

Бір күнде 129 адам коронавирустан қайтыс болды
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады. Оған сәйкес 4 тамыз күні Қазақстан аумағында 129 адам - коронавирустан, тағы 26 адам - пневмониядан қайтыс болды. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында - 20 науқас. Шымкент қаласында - 19, Алматы қаласында - 15, Павлодар облысында - 10, Маңғыстау облысында - 8, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында - 7, Ақтөбе және қызылорда обылстарында - 6, Атырау облысында - 5, Жамбыл облысында - 2, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында бір адамнан көз жұмған.