Жаңалықтар

Месси “Барселонадан” кетті

ашық дереккөзі

Месси “Барселонадан” кетті

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Испанияның “Барселона” футбол клубынан кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды. "Келісімге қол жеткізуге және жаңа келісімшартқа қол қоюға ниет болғанына қарамастан, оған экономикалық және құрылымдық кедергілерге байланысты қол қою мүмкін емес (Испания чемпионатының ережелері). Осыған байланысты Лионель Месси бұдан былай Барселонамен байланысты болмайды. Жағдайға екі тарап та қатты өкініш білдірді", – деп жазылған баспасөз хабарламасында. "Барселона” Мессиге футбол мен клубты дамытқаны үшін алғыс айтып, оған бар жақсылықты тіледі.