Жаңалықтар

Зардап шеккендер бар: Оралда балабақша өртенді

ашық дереккөзі

Зардап шеккендер бар: Оралда балабақша өртенді

"Айлин 3" балабақшасының шатырында от тұтанды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Тимофеев 22 мекенжайындағы "Айлин 3" балабақшасында болған. - Өрт сөндірушілер келген кезде шамамен ауданы 350 шаршы метр болатын 3 қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге 32 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. Орал қаласы ТЖ бастығының орынбасары Ерлан Айтқалиев қазір балабақша жөндеуге жабылғанын және онда балалар болмағанын айтты. - Өкінішке орай, зардап шегуші бар, ол - шатырды жөндеген қызметкер - деді ол. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өрт кезінде 48 жастағы ер адам зардап шеккенін айтты. - Ол екі аяғының 1-2 дәрежелі термиялық күйігін алды. Облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Қазір басқа мәліметтер нақтыланып жатыр.