Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді, – деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли. «Қазақстан Президенті 2021 жылғы 6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр. Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды», – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.