Токио-2020: Каратэші Дархан Асаділ «қола» жүлде алды

Токио Олимпиадасында каратэден алғашқы жүлдегер анықталды, – деп жазды Olympic.kz.

Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды.

Дархан каратэ тарихында Қазақстанның тұңғыш Олимпиада жүлдегері болып отыр. Ол 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. Азия чемпионатында бірнеше рет жеңіске жеткен.

Айта кетсек, ел қоржынында әзірге 7 қола медаль бар.

ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Back to top button