Токио-2020: Нұрислам Санаев еркін күрестен «қола» алды

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін кездесулер өтуде. Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды, – деп жазды Olympic.kz.

Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты. Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді. Бұл – қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі.

Жалпы, Қазақстан қоржынында әзірге 6 қола медаль бар.

c6ba4455 b703 43d8 b571 fcc1078e3f26
ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Back to top button