Алты құрлыққа ауыз салған короновирус індетінен зардап шеккен сала көп. Солардың бірі – көлік нарығы. Төтенше жағдай жариялағаннан бері автобизнес саласы әлсіреді. Тұтынушылардың саны күрт төмендеп, ел экономикасы бәсеңдеді. Бірақ көлік бағасы көтерілмесе, түскен жоқ. Тиісінше бәсеке артты. 2021 жылы көлік бағасы тағы да өседі деген болжам шындыққа айналды. Еліміздегі көлік нарығының көлеңкелі тұсын темір тұлпар тізгіндеп, жүрген азаматтар мен сарапшылардан анықтадық.
Автокөлік саласы – қазақстандық нарықтағы ең әлсіз сегменттің бірі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінше, былтыр қазақстандықтар 93 мың жаңа автокөлік сатып алған. Автоөнеркәсіп саласының Қазақстанның жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі – 612,8 млрд теңге. Соған сәйкес, жаңа автомобильдер нарығы 24 пайызға артты. Белгілі болғандай, Қазақстанда сатылған әрбір үш автомобильдің екеуі – отандық өнім. Пандемияға байланысты туындаған барлық қиындықтарға қарамастан, 2020 жылы Қазақстанда өсім тоқтаған жоқ және ол әлемдегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі болған. Былтыр «Жыл оқиғасы» аталымына ие болған екі ірі өндіріс орнының ашылуы сөзіміздің дәлелі. Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында Chevrolet автомобильдерін шығару жолға қойылып, қысқа уақыт ішінде еліміздегі ең жоғары өсім көрсетті. Бұл аз десеңіз, 2020 жылғы Қазақстандағы ең танымал брендтер қатарына енді. Сәуір айында Алматыда Hyundai жеңіл автокөліктері, ал желтоқсанда Қарағанды облысында Yutong автобустары шығарыла бастады. Нарық пен саланың даму перспектив-активацияларының айқын көрінісі. Сонымен қатар, автоөнеркәсіп өндірістік қуатын кеңейтіп, шығарылатын өнімнің экспорты мен локализациясын арттыру да көзделді. ҚАБҚ болжамы бойынша жыл аяғына дейін 100-120 мың жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль өз иесін табады. Айтып айтпай не керек, жол талғамайтын көлік құрастыруға, қымбат көлік мінуге аңсарымыз ауатыны жасырын емес. Дүниежүзі жанармайды «қасықтап» жұтатын көлікті нарыққа шығарып жатқанда, біздің ел «шелектеп» жұтатын қымбат көліктерге әуес. Алайда бір шаруаны бастамас бұрын ішкі экономикаға үңілген жөн. Кез келген ірі жобаны ел экономикасы көтере бермейді. Соның кесірінен кейбір шаруалардың аяғы сұйылып кетеді. Қайбір жылы Елбасының өзі жол талғамайтын көліктер кептелістің артуына сеп болып отырғанын айтып, жанармайға үнем болатын шағын көліктерді мінуге кеңес бергені ел есінде. Алайда қымбат көліктерден түскіміз жоқ. Қала ішінен шетелдік көліктердің көрмесін көруге болады. Жалпы, елімізде көлік өндірісі жөнінде біраз түйінді мәселе көп. Шетелдік көліктерді рәсімдеу, көлікті утилизациялау, бағаның шарықтауы, төленетін салыққа байланысты сауал күн тәртібіндегі жиі көтерілетін тақырып.
ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕН КЕЛЕТІН ҚАУІП
Былтыр Мемлекет басшысы: «Біздің азаматтар Ресей мен Қырғызстаннан сенімхат арқылы автокөлік сатып алады. Кейін автокөліктерін елде тіркемей жүреді. Біздің елдің азаматтары Қазақстанның заңнамасын бұза отырып, Арменияда техникалық құжат рәсімдейді. Елге кіргізіліп жатқан авкөліктердің басым бөлігі есепке алынбайды. Осыған байланысты Бас прокуратураға қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беруді тапсырамын!», – деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Қазақстандықтар тарапынан Ресейдің көліктеріне таңдау жиі түсетінін көз көріп, құлақ естіп жүр. Өйткені, ресейлік көліктердің бағасы қолжетімді. Сапасы еуропалық темір тұлпарлармен теңесе алмағанымен ақауын жөндеп, ебін тауып, кәдеге жаратып жүр. Ескіні жаңалаймын деп жүріп, қауіпсіздік қаперден шыығп жатады. Ал енді шетелдік көлікке неге құмармыз деген сұрақты талдап көрейік. Отандық өндіріс өрге жүзгенімен, отандастар үшін қолжетімсіз болып тұр. Елімізде құрастырылған көліктердің құны 5-6 миллион теңгеден басталып, шарықтай береді. Несиеге алып, үздіксіз 10-15 жыл төлеймін деп тәуекел етсеңіз, онда әңгіме басқа. Алайда көп сумма несие алуға ешкімнің жүрегі дауаламайтыны анық. Су жаңа темір тұлпар тізгіндеп жүргендердің дені – бастапқы жарна жинағандар, немесе несиеге алғандар. Автокөліктің қай кезеңдегі бағасын алып қарасаңыз да, қазіргімен бірдей. Тек доллардың теңгеге шаққандағы бағамына қатысты айырмашылық бар. Теңгенің құнсыздануы – елдегі автокөлік бағасының шарықтап кетуіне тікелей әсер етіп отырған фактор. Отандық автомобиль құрастыратын зауыттарды қолдау мақсатында мемлекет арнайы бағдарлама енгізді. Бұл арқылы көпшілік қауым жаңа автокөліктерге қол жеткізе алады. Көлік шығару үшін қажет механизмдер мен техникалар қалыптаспағандықтан бағаның өсуі қалыпты жағдай. Халық та осыны түсіну керек. «Отандық өнім» деп меншіктеп жүрген материалдардың бәрі – сырттан әкелінген дайын өнімдер. Тек бізде автокөліктердің кейбір элементтері ғана құрастырылады. Отандық көлік мініп жүргендер арасында сын да, дау да көп. Бағасы мен сапасы сәйкеспейтін тауар тұтынушы санын азайтты. Көлік алу үшін берілетін несиелердің үстемеақысы мен пайызы жоғары. Міне, осындай себептерден соң бәрі аз-мұз ақшаларына бір көлікті қолма-қол еншілегісі келеді. Ондай мүмкіндік тек шетелде болып тұр. Автонарық сарапшысының айтуынша, шетелдік марканы құп көрген қазақстандықтарға ең тиімдісі – Армениядан әкелу. Себебі, Армения — Кедендік одаққа мүше ел. Ол жақтан қалаған көлігіңді таба аласың. ІІМ мәліметінше, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейден 200 мыңға жуық көлік Қазақстанға тасылған.
ТІРКЕЛМЕГЕН ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР
Мемлекет басшысы үкіметке бір айдың ішінде Қазақстан азаматтарының ЕАЭО елдерінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген көліктерін тіркетуді тапсырды. «Бұл көліктердің тіркелуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болатын. Бұл шешімге халықтың пікірі екіге жарылды. Бірі – дұрыс десе, екіншісі – өзгеріс енгізуді қалайды. Тіпті бейтарап азаматтар, әуелде екі жақ та осы мәселенің дауға ұласатынын білді дейді. Сарапшылар утилизациялық алымды Дүниежүзілік сауда ұйымының шарты бойынша кеден салығының төмендеуінен туатын шығынды жабу үшін жасалған қадам деп түсіндірді. Тіпті, әлеуметтік желі арқылы қол жинап, утилизациялық алымды алып тастауға шақыратын петициясына ондаған мың адам қол қойған. Шетелден көлік әкеліп, оны тіркейін десе утилизациялық төлем бағасының қымбаттылығы елдің ашуына тиді. Кейбір көлік нарығында зерттеп жүрген мамандар утилизациялық салымды басқа елдердегі бағамен салыстыруға болмайтынын айтады. Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішінде Ресей Федерациясы мен Белорусь республикасы утилизациялық алымдар бойынша ұлттық заңнамалар аясында жұмыс істейді. Қырғызстан мен Армения бұл нормаларды әлі енгізбеген. Армения мен Қырғызстанның көліктерін сенімхат арқылы тізгіндеп жүрген қазақстандықтар алдында енді үш таңдау ғана бар. Көліктерін заңды түрде тіркеуге қою. Тіркеуді қымбатсынса, көлігін ел аумағынан шығару. Үшінші қадам көлікті қосалқы бөлшекке сату. Еске салайық, барлық көлік тіркеуге жатпайды. Оның өзіндік талап-ережелері бар. Армения мен Қырғызстаннан көлік әкелген қазақстандықтар үшін Қазақстанда тіркеу оның құнынан да артық шығынды талап ететін көрінеді. Әрі қарай сөз тізгінін сарапшыларға берейік.
Сайлау АБДИКАШОВ, кәсіпкер:
Көлік салығының мөлшері айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. Осыған орай, АЕК мөлшері өскен сайын, көлік салығының мөлшері де өсіп отырады. Жуықтап алғанда, АЕК мөлшері жыл сайын 7 пайызға өсетінін ескерсек, салық смөлшері де осы деңгейде бекітілген. Сондай-ақ салық мөлшеріне көліктің қоғалтқыш көлемі әсер етеді. Жоғары болған сайын, салығы да көп. Пандемия кезінде мемлекеттік кірістер органдарымен жеке тұлғалардың көлік, жер, мүлік салықтары бойынша өсімпұлынан қарызды есептен шығару үшін салық рақымшылығы жүргізілді. Амнистияға 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін салыққа негізгі қарызын өтеген жеке тұлғалар ілікті. Рақымшылық нәтижесінде 775 мыңнан астам азамат көлік салығы бойынша 13,9 млрд. теңге негізгі қарызын өтеп, нәтижесінде 1,9 млрд. теңге өсімпұлдары кешірілді. Бүгінгі таңда республикада көлік салығы бойынша 600 мыңға жуық азаматтың 21 млрд. теңгеден аса қарызы бар. Салық төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты мемлекеттік кірістер органдары мәжбүрлеп өндіру шараларын қолданады. Ол шаралардың ішінде жеке тұлғалардың мекен-жайына жіберілетін хабарламалар, жеке сот орындаушыларға жолданатын салық бұйрықтары да бар. Өз кезегінде жеке сот орындаушылар банктік шоттарға, жылжымайтын мүлікке, елден шығуға, нотариалды әрекеттер жасауға шектеу қояды. 2020 жылғы көлік салығын жеке тұлғалар 2021 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуі керек еді. Егер одан кешіксе, әрбір кешіккен күні үшін өсімпұл есептеледі.
Сұңқар ЖҰРТБАЙ, сарапшы: