Грекиядағы өрт: Қала қара түтінге оранды

Ел билігі соңғы он жылдағы ең үлкен өрт апаты деп бағалады.

Греция астанасы Афина маңында орман өртімен елдегі ұшақтар, тікұшақтар мен жүздеген өрт сөндірушілер күресіп жатыр. Бұл туралы aljazeeraenglish арнасы айтты.

Сейсенбіде басталған тілсіз жау Афинаның солтүстігіндегі 30 шақырым жерде орналасқан Парнита тауының етегін жайлап, ондаған үйлерді қиратып, қала қою түтінге оранды. Өрт сөндіру жұмыстары сәрсенбі күні таңертең тағы жалғасты.⁠

Өрт сөндіру қызметі, от жақындап келе жатқандықтан 300-ге жуық адамды эвакуациялауға мәжбүр болғанын айтты. Құтқару қызметі 70 тұрғынды үйлерінен қауіпсіз жерге көшірді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Афинаның Варымпомпи маңындағы демалыс лагерінен ондаған балалардың құтқарылғанын хабарлады. Ал қауіпсіздікті күшейту мақсатында елдің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын автомобиль жолы жабылды.

Сонымен қатар су шашып жүрген жеті ұшақ, бес тікұшақ, 70 өрт сөндіру көлігі және 500-ден астам өрт сөндірушілер Грек корольдігінің бұрынғы Татой жазғы сарайы мен бірнеше ғибадатханалар кіретін аймаққа жөнелтілген. Ол жақта да өрт шарпыған жер көп.

 

 

https://www.instagram.com/aljazeeraenglish/

Back to top button