Бар күш-жігерімді салсам да, арманыма жете алмадым: Сәкен Бибосынов кешірім сұрады

Бар күш-жігерімді салсам да, арманыма жете алмадым: Сәкен Бибосынов кешірім сұрады

Бар күш-жігерімді салсам да, арманыма жете алмадым: Сәкен Бибосынов кешірім сұрады
ашық дереккөзі

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Сәкен Бибосынов журналистер алдына шыққан кезде көз жасына ерік берді. Боксшы бүгінгі жекпе-жек жайлы пікірін айтып, алтын ала алмағаны үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Токио Олимпиадасына "алтын" аламын деп келген едім. Бірақ қола жүлде бұйырып тұр екен. Жанкүйерлерді, қазақ халқын алтынмен қуантып, Токио төрінде әнұранымызды ойнатуды басты мақсат еттім. Өкінішке қарай, ол арманыма жете алмадым. Бар күш-жігерімді салдым. Соңына дейін жұдырықтастым. Бірақ сәттілік жетпеді", - деді спортшы.
Боксшы бар күшін салғанын, бірақ арманын орындай алмағанын айтып, халықтан кешірім сұрады.
"Бапкерлерім бірінші кезеңнен кейін 5:0 ұтылып жатқанымды айтқан соң, одан сайын алға бастым. Енді қола жүлдені қанағат тұтамыз. Бұл менің бірінші Олимпиадам. Тіпті, Токиоға бара алмай қалуым да мүмкін еді. Жолдаманы ең соңғы сәтте жеңіп алғанымды білесіздер. Сондықтан бәріне қанағат. Бапкерімді, халқымды қуантқым келген. Бұйырғаны қола екен", -деді боксшы.