Павлодарда көшеде тұрған көлік өртенді (видео)
Павлодарда көшеде тұрған көлік өртенді (видео)
Павлодарда ашық аумақта тұрған автокөліктен өрт шықты. Жалын құтқарушылар келгенге дейін сөндірілді, – деп жазды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға қаладағы М. Жүсіп көшесі, 21 мекенжайында орын алған.
«Ашық аумақта тұрған 2007 жылғы «Toyota Camry» көлігінің мотор бөлігіндегі резеңке-техникалық бөлшектер жанған», – деді департаментте.