«Ер Төстік» әдеби байқауы басталды

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалар қабылданады.

Балалар әдебиеті жылы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Мәдениет және спорт минстрлігі және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен «Qalamger.kz» әдеби-танымдық порталында балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалар үшін «Ер Төстік» әдеби байқауын жариялайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Байқау 2021 жылдың 2 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында өтеді.

Байқауға материалдар келесі жанр бойынша қабылданады:

1. Проза жанры бойынша: хикая, әңгіме, балалар детективі, фэнтези; (40 беттен аспауы қажет)

2. Балаларға арналған өлеңдер: тақпақтар, баллада, поэма, толғау; (3-5, 5-9, 9-11 жасқа арналған) бойынша (5-15 беттен аспауы керек)

3. Балаларға арналған шығармалар иллюстрациясы:

4. Балаларға арналған ертегілер бойынша (20 беттен аспау керек).

Жүлде қоры:

Проза жанры бойынша хикая, әңгіме, балалар детективі, фэнтези жанрлары бойынша:

І орын – 500 000 теңге

ІІ орын – 300 000 теңге

ІІІ орын – 200 000 теңге

Балаларға арналған өлең, тақпақтар (3-5, 5-9, 9-11 жасқа арналған) бойынша:

І орын – 500 000 теңге

ІІ орын – 300 000 теңге

ІІІ орын – 200 000 теңге.

Балаларға арналған шығармалар иллюстрациясы бойынша:

І орын – 500 000 теңге

ІІ орын – 300 000 теңге

ІІІ орын – 200 000 теңге.

Балаларға арналған ертегілер бойынша:

І орын – 500 000 теңге

ІІ орын – 300 000 теңге

ІІІ орын – 200 000 теңге

Байқаудың шарттары:

Байқауға қатысатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс. Поштаға келіп түскен шығармалар «Qalamger.kz» әдеби-танымдық порталының онлайн-байқау бөлімінде жарияланып отырады.

Жеңімпаздар қазылар алқасының дауыс беруімен анықталады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау 7 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтетін орынға жету шығындарын қатысушы өз мойынына алады.

Ұйымдастыру комитеті қатысушылармен пікір алмаспайды және қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.

Байқауға кез келген Қазақстан азаматы бір жанр бойынша ғана қатыса алады.

Байқауға арналған шығармаларды тек қана оның авторы/қосалқы авторы ғана жолдай алады. Анонимдік шығармалар, шынайы (құжат бойынша) аты-жөні көрсетілмеген, бүркеншік атпен, үшінші жақпен жолданған шығармалар қабылданбайды.

Жұмыстарды ұсыну тәртібі:

Жұмыстарды байқауға ұсыну ұйымдастыру комитетінің qalamgerkz@gmail.com электронды адресіне хат жолдау арқылы жүзеге асады. Қатысушы өзінің жұмысымен бірге шығармашылық өмірбаяны әрі жеке фотосын қосып жіберу керек.

Жұмыстар төмендегі өлшемдер бойынша бағаланады:

Байқауға келген шығармалардың әдеби жанрға сәйкестігі қатаң сақталады, публицистика, деректі мәліметтер араласқан микс шығармалар байқауға қатыстырылмайды.

· Авторлық стиль;

· Балалар үшін тәрбиелік мәні;

· Әдеби шығармаларды қарау барысында олардың әдеби-көркемдік құндылығы, мазмұнның бірізділігі, жазба тілінің айқындылығы мен образды суреттеу тәсілдері есепке алынады.

Шығармаларды қолдану:

Автор өз шығармаларын байқауға жолдай отырып, байқау қорытындысы шыққанға дейін шығармасын жарыққа шығаруға тыйым салынады.

Жүлдегер шығармалар «Алтын сақа» баспасынан жинақ болып шығады.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс құралдары:

Электронды пошта: qalamgerkz@gmail.com

Жауапты редактор: 87012854637

Back to top button