Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай мысырлық қарсыласын жеңді
Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай мысырлық қарсыласын жеңді
Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан жартылай финалға шықты.
Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түседі. Қарсыластары - украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, австриялық Беттина Планк және мысырлық Радван Сайед.
Мөлдір Жаңбырбай 1997 жылдың 18 мамырында дүниеге келген. Ол каратэ-додан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көпдүркін ҚР чемпионаттарының, спартакиадалардың, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.
Қазақстандық спортшы түрлі жас деңгейінде 3 дүркін Азия және 3 дүркін әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері.
Ол алғашқы жекпе-жегінде египеттік Радва Сайедпен шеберлік байқасты. Кездесу тартысты өтті. Алғашқы сәттерде қазақстандық спортшының басымдығы байқалып тұрды. Мөлдір Жаңбырбай алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Алда әлі үш кездесуі бар.