Танымал актриса 37 жастағы әйелге есту аппаратын сыйлады

Жәния Джуринскаяның есімі шоу-бизнеске белгілі. Жақында есту қабілеті бұзылған әйелге медициналық аппарат сыйлап қуантты. Бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

Актриса парақшасына жазба жариялап, «Бір арманыңызбен бөлісіңізші. Мүмкін мен оны орындай аламын», – деген еді. Әп-сәтте жазба соңына үш мыңға жуық пікір жазылды. Ол оқырман пікірінің арасынан Айым есімді желі қолданушының пікірін таңдаған. Айым құлағы нашар еститін қайын әпкесіне есту аппаратын алып бергісі келген.

«Алматыда тұрады, өзі талантты, киім тігеді. Бірақ тапсырыс қабылдай алмайды, себебі клиенттермен келісу оңай емес. Қазір ол үй тазалап, үй иелері қанша ақша берсе де, алып жүре береді», – деп жазған пікір иесі.

Ақырында Джуринская 37 жастағы Ырысгүлге есту аппаратын алып берді. Актрисаның айтуынша, қайырымдылық жасағанды жариялап, халыққа үлгі болып жүру керек екен.

Back to top button